Бибісара Асаубаева шахматтың жаңа түрі бойынша өткен ойында экс-әлем чемпионын ойсырата жеңді
Сурет: Instagram/bibisarachess
Фишер шахматында тастар классикалық шахматтағыдай қозғалады (тек рокировка жасау ережесінде аздаған ерекшелік бар).
Негізгі айырмашылық – тастардың бастапқы орналасуында. Пешкалар әдеттегідей екінші қатарға қойылады, ал қалған тастар бірінші қатарда кездейсоқ тәртіппен орналасады.
Алайда екі талап сақталуы тиіс:
- пілдер әртүрлі түсті шаршыларда тұруы керек;
- король екі ладьяның ортасында орналасуы қажет.
Осы шарттарды ескергенде, барлығы 960 түрлі бастапқы позиция мүмкін. Сондықтан бұл ойын "шахмат-960" деп те аталады.
sportarena.kz мәліметінше, негізгі турнир ерлер арасында өтті, ал әйелдер арасында көрме матчы ұйымдастырылды.
Бұл матчта қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюкпен кездесті. Төрт партиядан тұрған матч 2,5:1,5 есебімен Асаубаеваның жеңісімен аяқталды.э
Бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін екенін жазғанбыз.