Қазақстандық теннисші Дубайдағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Сурет: instagram/AlexKrunic
Dubai Tennis Championships турнирінің әйелдер арасындағы жұптық сынында қазақстандық теннисші Анна Данилина жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 ақпанда отандасымыз өзінің тұрақты серіктесі, сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың ширек финалдық кезеңінен сәтті өтті.
Қазақстан-Сербия дуэті тартысты кездесуде Людмила Киченок (Украина) / Дизайр Кравчук (АҚШ) жұбын жеңді. Матч 1 сағат 28 минутқа созылып, үш сетке ұласты – 6:1, 4:6, 10:6.
Жартылай финалдағы қарсыластары қалған кездесулер аяқталған соң анықталады.
Айта кетейік, қазақстандық-сербиялық жұп бұл турнирге өткен аптада Қатар астанасында өткен Qatar Open жарысының жеңімпазы ретінде келген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript