Анна Данилина Лондондағы беделді турнирдің финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Диана Шнайдермен жұптасып, Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан беделді Queen’s Club Championships турнирінің жұптық сынындағы жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда Данилина мен Шнайдер аустралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуай жұбымен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:3, 2:6, 11:9. Осылайша, қазақстандық спортшы мен оның серіктесі финалға жолдама алып, чемпиондық атақ үшін таласады.
Еске салайық, Анна Данилина – Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы. Қазіргі таңда ол WTA рейтингісінде 9-орында тұр.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің 86-ракеткасынан жеңіліп қалған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript