Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалында әлемнің 86-ракеткасынан жеңілді

Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалында есе жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 20:58 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондондағы WTA 500 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 маусым күні Лондонда өткен беделді WTA 500 турнирінің әйелдер арасындағы ширек финалдық бірнеше кездесуі өтті.

Сол матчтардың бірінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 37 жастағы германиялық Татьяна Мариядан 4:5, 6:7(4) есебімен жеңіліп қалды.

Қазіргі таңда әйелдер арасындағы әлемдік рейтингіде 86-орында тұрған Татьяна Мария бұл турнирдің ширек финалына іріктеу кезеңі арқылы өткен.

Дәл қазір осы жарыста тағы бір отандасымыз Анна Данилина жұптық сында финалға шығу үшін өнер көрсетіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: