Елена Рыбакина Аделаидадағы турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 17:39 Сурет: Jimmie48/WTA
Аделаидада (Аустралия) WTA 500 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (3 WTA) жекелей сында 1/4 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина ресейлік Екатерина Александровадан (21 WTA) 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Елена Рыбакина Аделаидадағы жарыстың бірінші ракетка болып өнер көрсетті. Ол турнирді екінші айналымнан бастады, 1/8 финалда Испания өкілі Кристина Бучаны (61 WTA) жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: