Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына шықты

Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 17:18 Сурет: instagram.com/wta
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина 1/8 финал кезеңінде Германия өкілі Татьяна Мариямен (WTA рейтингінде 52-орын), турнирдің қазіргі чемпионымен кездесті. Қазақстандық спортшы үш сетке созылған тартысты матчта 6:7, 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елена Рыбакина Queen’s Club Championships турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Биыл Лондондағы турнирдің жалпы жүлде қоры – 1,915 миллион доллар. Жекелей сындағы жеңімпаз 294 445 доллар сыйақы алып, WTA рейтингінің 500 ұпайына ие болады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина турнирдің басты фавориті саналады және жарыста бірінші нөмірмен тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: