Анна Данилина теннистен Лондонда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында ойнайды

Анна Данилина теннистен Лондонда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында ойнайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 17:07 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан беделді WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирінің финалына шығу үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда Данилина ресейлік жұбы Диана Шнайдермен бірге аустралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик жұбын жеңді.

Кездесу екі сетке созылды. Матч 7:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Анна мен Диана аустралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі. Матч бүгін, 13 маусымда сағат 18:00-ге жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: