АҚШ құрамасы араға 46 жыл салып хоккейден Олимпиада "алтынын" жеңіп алды
Сурет: Instagram/iihfhockey
22 ақпанда Олимпиада-2026 аясында ерлер арасындағы хоккей турнирі аяқталды. Финалда АҚШ құрамасы Канаданы овертаймда 2:1 есебімен жеңіп, 1980 жылдан бері алғаш рет Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалдық матч Миландағы "Санта Джулия арена" аренасында өтті.
Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды: америкалық шабуылшы Мэттью Болди есеп ашса, канадалық Кэйл Макар оған жауап берді.
Овертаймның екінші минутында "Нью-Джерси Девилз" клубының шабуылшысы Джек Хьюз дәл соққы жасап, АҚШ құрамасына жеңіс сыйлады.
Осылайша АҚШ хоккейшілері өз тарихында үшінші рет Олимпиада алтын медалін жеңіп алып, 1980 жылдан бері алғаш рет чемпион атанды.
Бұған дейін қола медаль үшін өткен матчта Финляндия құрамасы Словакияны 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript