Формулы-1 жарысының жаңа маусымы Mercedes-тің жеңісімен басталды

Формулы-1, жарыс, жаңа маусым, Mercedes , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2026 14:57 Сурет: pixabay
Mercedes-ті тізгіндеген британдық спортшы Джордж Рассел Мельбурн қаласында өткен Формула-1 жаңа маусымының бірінші кезеңі - Австралия Гран-приінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Расселдің серіктесі Кими Антонелли мәреге екінші болып келді.

Феррариді тізгіндеген Шарль Леклер мен Льюис Хэмилтон мәреге үшінші және төртінші болып жетті.

McLaren-дегі қазіргі әлем чемпионы Ландо Норрис мәре сызығын бесінші болып кесті.

Жергілікті жанкүйерлер үшін жарыс көңілсіздіктен басталды: австралиялық Оскар Пиастри "қыздыру айналымында-ақ" трассадан шығып кетіп, қабырғаға соғылды.

20-шы болып орнынан қозғалған Макс Ферстаппен алтыншы орынға ие болды. Британдық жас спортшы Арвид Линдблад сегізінші орынды иеленіп, өзінің дебюттік жарысында ұпай жинай алды.

Бұған дейін Формула-1 патшасы Майкл Шумахердің ес жиғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: