Қазақстандық теннисші қатарынан жетінші WTA турнирінің жартылай финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге 1/4 финалда Мирра Андреева (Ресей) / Виктория Мбоко (Канада) жұбын жеңді.
Кездесу 7:6, 6:2 есебімен Данилина мен Круничтің пайдасына аяқталды.
Анна мен Александра WTA аясындағы турнирлерде қатарынан жетінші рет жартылай финалға шығып отыр. Еске салайық, биылғы маусымда бұл жұп Australian Open турнирінің финалында ойнап, Дохада өткен WTA 1000 жарысында чемпион атанған еді.
Финалға шығу үшін Данилина мен Крунич Кристина Букша (Испания) / Николь Меликар (АҚШ) жұбымен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript