Гимнаст Ақмарал Ерекешева Астанада өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Астанада өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 18:24 Сурет: olympic.kz
Астанада көркем гимнастикадан Alem Cup халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сеньорлар арасындағы көпсайыста қазақстандық Ақмарал Ерекешева жеңіске жетті (112.350 ұпай). Екінші орынды оның командаласы Айым Мейіржанова иеленді (110.300). Ал қола медаль италиялық Виола Селлаға бұйырды (106.650).

Юниорлар арасындағы көпсайыста Қазақстан құрамасының өкілі Анна Рубцова топ жарды (100.750). Күміс жүлдені отандасымыз Линара Жайлауова иеленді (98.900).

Үшінші орынға италиялық гимнаст Вероника Заппатеррени тұрақтады (95.800).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: