Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогын бір алтын медальмен аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогын бір алтын медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 17:24 Сурет: European Judo Union
Қазақстандық дзюдошылар Варшавада (Польша) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз бұл жарыста бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта қос қазақстандық балуан Сұңғат Нұрлатұлы мен Тоқтар Умуталиев финалда кездесті. Нәтижесінде Тоқтар Умуталиев жарыс жеңімпазы атанды.

Ал Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: