Қазақстан дзюдодан Грузиядағы Еуропа кубогын бес медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан Грузиядағы Еуропа кубогын бес медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 17:04 Сурет: Internatinal judo federation
Қазақстан дзюдодан Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.

Ал қола жүлдеге Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: