Қазақстандық дәрігерлер Рыбакинаға күтпеген сый жасады

Қазақстандық дәрігерлер Рыбакинаға күтпеген сый жасады , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 15:30 Сурет: j48tennis
Қазақстандық дәрігерлер Елена Рыбакинаға ерекше сый жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық стоматологиялық клиника әлемнің екінші ракеткасы атанған Елена Рыбакинаға тістерін шектеусіз тегін емдеуді ұсынды.

Ерекше құттықтау 16 наурыз күні клиниканың Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған.

"Елена Рыбакинаны әлемнің екінші ракеткасы атануымен құттықтаймыз! Сіз – Қазақстанның мақтанышы әрі миллиондаған адамға шабыт сыйлайтын тұлғасыз", – делінген ақпаратта.

Осы жетістігіне орай клиника дәрігерлері теннисшіге тістерін шектеусіз тегін емдеуді сыйға тартатынын мәлімдеді.

"Бұл жетістігіңіздің құрметіне сізге біздің клиникада тістеріңізді тегін емдеуді сыйлаймыз. Сіздің күлкіңіз әрдайым жеңістеріңіз секілді жарқырап тұрсын", – деп жазды авторлар.

Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының назарын тез аударып, көпшілік бұл ұсынысты спортшыны құттықтаудың ерекше әрі креативті тәсілі деп бағалады. Әсіресе Қазақстан теннис федерациясының кері байланысы көпшілікті таңғалдырды.


Сурет: Threads

Бұған дейін Елена Рыбакинаның ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: