Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 21:01 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрқанат 66 келіге дейінгі салмақтың финалында әзірбайжандық Туран Байрамовпен кездесті.

Тартысты өткен белдесуде отандасымыз соңғы секундтарда ұтымды әдіс жасап, "юко" ұпайына ие болды. Нәтижесінде алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев 2024 жылы Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінде де жеңіске жеткен еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: