Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2026 17:41 Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Астанада шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов үздік төрттіктің қатарына енді.

Ширек финалда отандасымыз Жапония елінің өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Кано Кокиден 9-8 есебімен басым түсті.

Курбановтың келесі қарсыласы — Давид Наги (Венгрия). Жартылай финал 17:40-да басталады.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңі "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: