Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының чемпионы атанды
Сурет: olympic.kz
Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұғырдың ең биік сатысына Кирилл Курдиди көтерілді.
Қазақстандық спортшы гит сайысында ең үздік уақыт көрсетіп, чемпион атанды. Екінші орынды Қытай өкілі Хань Се иеленсе, үшінші орын жапониялық Рето Ичидаға бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Жұмақан ұпай саны бойынша топтық жарыста және скрэтчте күміс жүлдегер атанған болатын. Ал Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов мэдисон дисциплинасында күміс медаль жеңіп алса, Рината Сұлтанова жеке із кесу жарысында қола жүлдеге ие болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript