Ушу бойынша тарихи жеңіске жеткен Қазақстан құрамасын Алматыда қарсы алды

Ушу бойынша тарихи жеңіске жеткен Қазақстан құрамасын Алматыда қарсы алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 11:03 Сурет: Instagram/wushu.kazakhstan
Ушу спорты бойынша Қытайда өткен әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткен Қазақстан құрамасын Алматы әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионаты 2026 жылғы 23–31 наурыз аралығында Тяньцзинь қаласында өтті. Оған 78 елден 1100-ден астам спортшы қатысқан. Қазақстандық спортшылар тарихи нәтиже көрсетіп, жалпы 10 медаль жеңіп алды: 3 алтын, 3 күміс және 4 қола.

Турнирдің басты қаһармандарының бірі – 48 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған Ильдар Амирдинов болды. Ол жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы тарихи алтынды салды.

Жастар арасындағы әлем чемпиондары: Ильдар Амирдинов (48 кг), Сухраб Адилов (75 кг), Богдан Неумывакин (80 кг).

Күміс жүлдегерлер: Роман Помазанский (дуйлянь), Данил Джедула (дуйлянь, наньцюань).

Қола жүлдегерлер: Алижан Мухаметов (даошу), Айару Мұхаметова (гуньшу), Данил Джедула (наньдао), Амир Машанло.

Әуежайға чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алуға жанкүйерлер, туыстары және достары жиналды.

Айта кетейік, әуежайда спортшылардың барлығына ақшалай сыйақы табысталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: