Бокстан Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов ширек финалда жеңіске жетті
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында жапониялық Тайга Ягимен жұдырықтасты.
Сабыржан үш раунд бойы қарсыласын қыспаққа алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript