Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 19:52 Сурет: United world wrestling
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

87 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Тұрсынов түрікменстандық Довлетмұрат Байрамовпен кездесті.

Қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде Қахарман Қисыметов (77 келіге дейін) те қола жүлде үшін белдескен еді. Алайда ол өзбекстандық Дониерхон Накибовқа есе жіберді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: