Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшы жүлдегер атанды
Сурет: ҚР ҰОК
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Евлоев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҰОК мәліметіне сүйенсек, отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Евлоев Оңтүстік Корея өкілі Минхо Лиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы сәттерінде-ақ Ислам нәтижелі әдістер сериясын сәтті орындап, басымдыққа ие болды.
Осылайша, қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұған дейін Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript