Қазақстандық үш балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі

Қазақстандық үш балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 18:50 Сурет: United world wrestling
Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының үш балуаны Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлде үшін белдеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) жартылай финалда жеңіліп қалды.

Камалиев солтүстіккореялық Се Ун Риге есе жіберді. Магомадов қатарлық Шахин Бадогимофрадтан жеңілді. Ал Евлоевтан олимпиада чемпионы, ирандық Мохаммадхади Сарави басым түсті.

Аталған салмақ дәрежелеріндегі қола жүлде үшін белдесулер 8 сәуірде өтеді. Сондай-ақ осы күні финалға жолдама алған Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) те бозкілемге шығады.

Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде Қаһарман Қисыметов (77 келіге дейін) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: