Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты
Сурет: United world wrestling
Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Алматбек Аманбек Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалға шығу үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан қырғызстандық Амантура Исмаиловтан басым түсті.
72 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалдық белдесу 3:1 есебімен біздің спортшының пайдасына аяқталды.
Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақта Ербол Камалиев жартылай финалда солтүстік кореялық Се Ун Риге мерзімінен бұрын есе жіберді. Енді ол қола жүлде үшін белдеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript