Құрбанов пен Ыдырысов Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде финалға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 17:14 Сурет: olympic.kz
Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов 14,766 ұпай жинап, бірінші орынмен шешуші кезеңге өтті.

Зейнолла Ыдырысов өз өнері үшін төрешілерден 14,700 ұпай алып, іріктеуде екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңінің финалы 10 және 11 сәуір аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: