Ресей спортшыларына халықаралық су спортындағы шектеулер алынды
Сурет: Instagram/world_aquatics
Халықаралық су спорттары федерациясы (World Aquatics) ресейлік спортшыларға қойылған шектеулерді алып тастады. Енді олар халықаралық жарыстарға өз елінің туы мен әнұранымен қатыса алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ресми шешім 13 сәуір күні World Aquatics ұйымының сайтында жарияланды. Сондай-ақ аталған ережелер Беларусь спортшыларына да қатысты екені айтылды. Олар да соңғы жылдары ірі халықаралық жарыстардан шеттетілген болатын.
"Беларусь немесе Ресей спортшыларына World Aquatics жарыстарына басқа елдер спортшыларымен бірдей шарттарда, өз киімдерімен, туымен және әнұранымен қатысуға рұқсат етіледі. Біз барлық елдің спортшылары бейбіт жарыстар үшін бір алаңда жиналуы тиіс деп есептейміз". World Aquatics президенті Хусейн Аль-Мусаллам
Дегенмен ұйым ресейлік және беларусьтік спортшылардың толық қатысуы үшін бірқатар шарттар қойған.
Олар кемінде төрт рет қатарынан халықаралық допинг-тексеруден өтуі тиіс. Бұл тексерулер Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар спортшылардың биографиясы су спортындағы этика және адалдық жөніндегі бөлім (AQIU) тарапынан тексеріледі.
Бұған дейін Италияда танымал UFC спортшысын тонап кеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript