25 сәуірдегі футбол: қазақстандық клубтардан кімдер ойнайды
Сурет: Instagram/fc__ordabasy
Қазақстан чемпионатының жетінші туры аясында 25 сәуір күні еліміздің әртүрлі қалаларында үш футбол матчы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өскеменнің "Алтай" клубы елордалық "Жеңіспен" кездеседі. Ойын Алматыдағы "Хан-Тәңірі" стадионында сағат 16:00-де басталады.
Петропавлда жергілікті "Қызылжар" командасы Шымкенттің "Ордабасысын" қабылдайды. Кездесу "Қарасай" стадионында 17:00-де басталады.
Сағат 19:00-де Ақтөбе қаласындағы "Орталық" стадионда жергілікті "Ақтөбе" құрамасы павлодарлық "Ертісті" қабылдайды.
"Павлодардың "Ертіс" командасымен бұған дейін де тартысты ойындар өтіп, көптеген әдемі голдар соғылған. Алдағы кездесу қалай аяқталады деп ойлайсыз?" – деп "Ақтөбе" клубы жанкүйерлерін әлеуметтік желіде жігерлендіріп, өз көрсеткіштерін де атап өтті.
Бұған дейін Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


