Дзюдошы Айдар Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Дзюдошы Айдар Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2026 17:09 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта жүлдегер атанды.

Айдар қола медаль үшін өткен белдесуде нидерландтық Франк де Витпен күресті. Нәтижесінде жерлесіміз басым түсті.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) алтын алса, Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) және Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: