Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде екі рет үздік бестікке енді

Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде екі рет үздік бестікке енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 18:20 Сурет: olympic.kz
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай 13,600 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ал Зейнолла Идрисов 13,133 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті.

Нуртан Идрисов сақиналардағы жаттығудың финалында 13,166 ұпай алып, бесінші орынды иеленді.

Қол тіреп секіру жаттығуының финалына шыққан Асан Сәлімов жарысты алтыншы орынмен аяқтады (13,583). Ал кермедегі жаттығуда Роман Хегай 11,233 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: