Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 18:54 Сурет: olympic.kz
Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел біріншілігіне еліміздің 16 өңірінен 160-тан астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында ұлттық құраманың көшбасшылары да бар.

Дегенмен бұл бәсекеге Нұрғиса Әділетұлы мен Алексей Чуркин қатыспайды. Жыл басында екі спортшыға да ота жасалған болатын. Қазір олар жарақатынан толық айығып, қалыпқа келу кезеңінен өтуде.

Айта кетейік, ел біріншілігінің қорытындысы бойынша 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.

Қазақстан чемпионаты 19 мамырға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: