Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо "Қайраттан" кетті
Сурет Рикардиньоның әлеуметтік желідегі парақшасынан
Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо тараптардың өзара келісімі бойынша "Қайраттан" кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рикардиньо сары-қаралар сапына 2025 жылғы шілдеде қосылды. Алғашқы голын дебют матчында "Тұранның" қақпасына соқты.
Сондай-ақ бразилиялық футболшы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде лиссабондық "Спортингке" қарсы ойында нәтижелі пас беріп, лондондық "Арсеналдың" қақпасына гол соқты.
Жалпы Рикардиньо "Қайрат" сапында 32 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript