Ауыр жарақат алған канадалық легионер "Барыстан" кетті

 Тайлер Уотерспун, канадалық, легионер, Барыс, жарақат, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2025 17:58 Сурет: hcbarys.kz
"Барыс" Тайлер Уотерспунмен арадағы келісімшарттың тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 21 желтоқстанда отандық хоккей клубының сайты хабарлады.

"Тайлер Уотерспун "Барыстан" кетті. Клуб Тайлерге атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, қорғаушы 31 қазанда "Тракторға" қарсы сырт алаңдағы ойында алған жарақатынан кейін ұзақ мерзімге қатардан шығып қалған.

Бұған дейін "Қайрат" АФК Mundo do Futsal Experience-2025 жүлдесін иеленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: