Спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі
Сурет: olympic.kz
Халықаралық гимнастика федерациясы (World Gymnastics) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:
- Алтынхан Темірбек (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина, керме және ат снарядындағы жаттығулар);
- Әлішер Тойбазаров (еркін жаттығу, сақина және қоссырықтағы жаттығулар);
- Дияс Тойшыбек (ат снаряды мен кермедегі жаттығулар);
- Фарух Набиев (қол тіреп секіру және қоссырықтағы жаттығулар);
- Амина Халимарден (еркін жаттығу, қол тіреп секіру және әртүрлі биіктіктегі қоссырықтардағы жаттығулар);
- Дарья Ясинская (қол тіреп секіру, гимнастикалық бөрене және еркін жаттығу);
- Эвелина Ежова (әртүрлі биіктіктегі қоссырықтар мен гимнастикалық бөренедегі жаттығулар).
Айта кетейік, жарыс 21-24 мамыр аралығында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript