Спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі

Спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 19:25 Сурет: olympic.kz
Халықаралық гимнастика федерациясы (World Gymnastics) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:

  • Алтынхан Темірбек (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина, керме және ат снарядындағы жаттығулар);
  • Әлішер Тойбазаров (еркін жаттығу, сақина және қоссырықтағы жаттығулар);
  • Дияс Тойшыбек (ат снаряды мен кермедегі жаттығулар);
  • Фарух Набиев (қол тіреп секіру және қоссырықтағы жаттығулар);
  • Амина Халимарден (еркін жаттығу, қол тіреп секіру және әртүрлі биіктіктегі қоссырықтардағы жаттығулар);
  • Дарья Ясинская (қол тіреп секіру, гимнастикалық бөрене және еркін жаттығу);
  • Эвелина Ежова (әртүрлі биіктіктегі қоссырықтар мен гимнастикалық бөренедегі жаттығулар).

Айта кетейік, жарыс 21-24 мамыр аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: