Рыбакина немесе Соболенко: WTA Чемпиондық жарысының көшбасшысы белгілі болды
Сурет: Instagram/arynasabalenka
Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы 4318 ұпай жинап, маусымның қорытынды турниріне жолдама үшін күресте айқын басымдыққа ие болып отыр.
Негізгі қарсыласы – беларусь теннисшісі Арина Соболенко. Ол 4080 ұпаймен екінші орында тұр. Ал үздік үштікті украиналық Элина Свитолина түйіндейді. Ол сәтті өнер көрсетуінің арқасында 3460 ұпай жинап, үшінші орынға көтерілді.
Үздік ондыққа сондай-ақ АҚШ теннисшілері Джессика Пегула мен Кори Гауфф, ресейлік Мирра Андреева, чехиялық Каролина Мухова, канадалық Виктория Мбоко, украиналық Марта Костюк және поляк теннисшісі Ига Швёнтек енген.
WTA Чемпиондық жарысы теннисшілердің тек ағымдағы маусымдағы нәтижелерін көрсетеді және маусымның қорытынды турниріне қатысушыларды анықтайды.
Бұған дейін Янник Синнер Римдегі ATP 1000 турнирінде жеңіске жетіп, "Мастерс" иегері атанғанын жазғанбыз.