Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль иеленді
Сурет: olympic.kz
Қазақстан үстел теннисінен Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде жүлдеге ие болды. U13 жас санатында Жәния Бекмұхамбетова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс барысында қазақстандық спортшы Фаннапат Чингсоньоенді (Таиланд) 3:0, Чен Этельді (Сингапур) 3:0, Мао Хлоуды (Сингапур) 3:0 және Асахи Кавагучиді (Жапония) 3:2 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Жәния Малайзия өкілі Анг Чжи Юйден 1:3 есебімен жеңіліп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript