Таеквондодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы үшінші қола медальды қанжығалады

Таеквондо, Азия чемпионаты, Назым Махмұтова, қола медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 19:20 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Назым Махмұтова таеквондодан Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

Назым бұл кезеңде Қытай өкілі Сун Цземен кездесті. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша қытайлық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Бұған дейін Германияда велоспорттан Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырына көтерілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: