Ресми: Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді

Ресми: Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2026 09:08 Сурет: United world wrestling
Біріккен күрес әлемі (UWW) 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қала ретінде Астананы ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай шешім ұйымның Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. Жиын барысында халықаралық сапарларға әсер етіп отырған қазіргі геосаяси жағдай мен өзге де қиындықтар қарастырылды.

Бастапқыда әлем чемпионатын былтыр ұйымдастыру құқығына ие болған Манама қаласы (Бахрейн) қабылдауы тиіс еді. Алайда UWW мен Бахрейн күрес федерациясы бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстың басқа елге ауыстырылғанын хабарлады.

Инспекциялық сапарлар өткізіліп, спорт нысандарының дайындығы бағаланғаннан кейін 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығы Қазақстанға берілді. Дүбірлі дода Астанадағы "Барыс Аренада" өтеді. Айта кетейік, Қазақстан астанасында бұған дейін 2019 жылы да әлем чемпионаты өткен еді.

Турнирдің нақты кестесі мен жарысты өткізуге қатысты өзге де мәліметтер кейінірек жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: