Нариман Құрбанов Словениядағы Challenge Cup кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

Нариман Құрбанов Словениядағы Challenge Cup кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 18:00 Сурет: olympic.kz
Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінің алғашқы іріктеу күні аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,900 ұпай жинап, финалдық кезеңге бірінші орынмен шықты.

Зейнолла Идрисов та медаль үшін сынға түседі. Іріктеуде ол төрешілердің шешімімен 14,266 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Сақиналардағы жаттығуда Роман Маменов 13-орынмен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, турнирдің финалдық бәсекелері 30 мамырда басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: