Үш финалист пен бір күміс жүлде: қазақстандық гимнастардың Коперде өткен Challenge Cup кезеңіндегі нәтижесі

Үш финалист пен бір күміс жүлде: қазақстандық гимнастардың Коперде өткен Challenge Cup кезеңіндегі нәтижесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 18:25 Сурет: olympic.kz
Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Зейнолла Идрисов көрсетті. Спортшы ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Нариман Құрбанов пен Роман Маменов те турнирдің финалына шықты.

Курбанов ат снарядындағы жаттығуда жетінші орынға тұрақтаса, Маменов қол тіреп секіру бағдарламасында алтыншы нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, маусым айында Қытайдың Цзуньи қаласында Азия чемпионаты өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: