Давид Лория Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті қызметінен кетті

Давид Лория, Қазақстан футбол федерациясы, вице-президент, қызметінен кету, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 18:26 Сурет: Instagram/david_loriya
Футболдан ұлттық құраманың бұрынғы өкілі Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметінен кетті. Ол федерацияға 2025 жылдың қаңтарында келген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы оның әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасынан белгілі болды. 

"Мен бүгін Қазақстан футбол федерациясындағы жұмысымнан кету туралы шешім қабылдадым. ҚФФ президенті Марат Омаров вице-президент қызметімді ары қарай жалғастыра беруімді ұсынды. Алайда біздердің футболды дамытуға қатысты көзқарастарымыз бен кейбір өмірлік құндылықтарымыз сәйкес келе бермейді".Давид Лория

Оның айтуынша, федерациядағы қызметі барысында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, соның арқасында басқарушылық тәжірибе жинақталды, қазақ футболы алдында тұрған мәселелерді терең түсініп, оны қабылдай білген. 

Сондай-ақ ол әріптестеріне, клубтарға, өңірлік федерацияларға, жаттықтырушыларға, футболшыларға және отандық футболдың дамуына үлес қосып жүрген барлық мамандарға алғыс білдірді. Сонымен қатар жанкүйерлерге ерекше ризашылығын жеткізіп, Қазақстан құрамалары мен клубтарына алдағы уақытта жеңістер тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы "Атлетико де Мадрид Қазақстан" футбол академиясына барғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: