"Классик" Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды

"Классик" Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 17:09 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

97 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Аманалы финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін өткен белдесуде ол үндістандық Нитешпен күш сынасты.

Тартысты кездесуде 13:9 есебімен үндістандық балуан жеңіске жетті. Осылайша, Нұрасыл Аманалы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін белдескен Сұлтан Әсетұлы Қырғызстан өкілі Жанторо Мирзалиевтен жеңіліп қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: