Қазақстан волейболдан ұлттар кубогының жартылай финалына топтағы 1-орынмен шықты

Қазақстан волейболдан ұлттар кубогының жартылай финалына топтағы 1-орынмен шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 17:13 Сурет: olympic.kz
Филиппиннің Кандон қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасын 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан В тобындағы барлық кездесуде жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына бірінші орынмен шықты.

Жартылай финалда ұлттық құрама А тобында екінші орын алған командамен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: