Қазақстан боксшылары Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастады

Бокс, Қазақстан, боксшылар, Қытай, Әлем кубогының екінші кезеңі , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2026 19:52 Сурет: olympic.kz
Бүгін, 15 маусымда Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымының аясындағы бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының алты өкілі шаршы алаңға шықты.

Серік Теміржанов (60 келіге дейін) алғашқы кездесуінде Германия өкілі Денис Брильден басым түсті. Сондай-ақ Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) Қытай боксшысы Ван Сяобаоны жеңіп, келесі айналымға сенімді түрде жолдама алды.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) Оңтүстік Корея өкілі Ким Гичэні үш рет нокдаунға түсірді. Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Ал 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбай алғашқы кездесуінде АҚШ өкілі Наджай Райтты жеңді.

Әйелдер арасында Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) Ирландия боксшысы Клиона Дарсиді мерзімінен бұрын жеңді. Ал Наталья Богданова (75 келіге дейін) Қытай спортшысы Бао Цзыиге есе жіберіп, Әлем кубогы кезеңіндегі жарысын аяқтады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: