Виктория Графеева әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Виктория Графеева (60 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте Олимпиада чемпионы Юй-Тин Лиді (Тайбэй) жеңді.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және үш қола медаль бар.
Бұған дейін Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдегер атанған болатын.
Сондай-ақ Назым Қызайбай Назым Қызайбай Қытайдағы әлем кубогында алтын медаль жеңіп алғанын жазған едік.
Айта кетейік, бүгін, 21 маусымда финалда Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) да шаршы алаңға шығады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript