Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогы кезеңін бес алтын медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогы кезеңін бес алтын медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2026 18:33 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшылар Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогының екінші кезеңіндегі жарысты аяқтады.

Ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы бес алтын медаль жеңіп алды.

Ел қоржынына түскен соңғы алтын жүлдені Айбек Оралбай иеленді. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Германия өкілі Никита Путиловтан басым түсті.

Бұған дейін әлем кубогы кезеңінде Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) чемпион атанған болатын.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: