Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады

Әртістік жүзуден Әлем кубогы, Қазақстан құрамасы, Медельин, Колумбия, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 20:51 Сурет: olympic.kz
Медельинде (Колумбия) әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста екі алтын, бір күміс, үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлер арасында Эдуард Ким еркін бағдарламада топ жарып, алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада да Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ал техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алды.

Одан бөлек ұлттық құрама топтық акробатикалық бағдарламада күміс жүлдегер атанды.

Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов техникалық бағдарламаның жұптық сынында қола медальға ие болса, Наргиза Болатова және Виктор Друзин еркін бағдарламаның жұптық сайысында үшінші орынға жайғасты.

Бұған дейін желідегілер Михаил Шайдоровтың сүйіктісі болу мүмкін қызды "тауып алғанын" жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: