"Ділімізге жат!". Иран мен Мысыр FIFA-ға ерекше өтінішпен жүгінді

Футбол, Иран, Мысыр, ЛГБТ, FIFA, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:36 Сурет: Instagram/teammellifootball
Иран FIFA-дан 2026 жылғы Әлем кубогы аясындағы Мысырмен болатын арадағы матчы алдында салтанатты рәсімдерді өткізбеуді немесе ЛГБТ атрибуттары бар жарнамаларды қолданбауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған матч Сиэтл қаласында болады, ал осы күні, 27 маусымда қалада ЛГБТ іс-шараларын өткізу жоспарланған. Екі елдің федерациялары стадиондағы кез-келген ЛГБТ рәсімдеріне қарсылық танытты, деп хабарлайды Independent.

Алайда, ФИФА кемпірқосақ түстегі жалауларды стадион арқылы алып өтуге кедергі болмайтынын мәлімдеді. Ал бұған қос тараптың футбол федерациялары қарсылық көрсетті. Мысырда гомосексуалдық қатынастарға тыйым салынады. Ал Иранда мұндайға ең жоғары жаза – өлім жазасы қолданылады.

Ойынның басталуы Қазақстан уақыты бойынша 08:00-ге жоспарланған.

Екі тең ойыннан кейін Иран өз тобында екінші орында, Мысыр төрт ұпаймен бірінші орында тұр.

АҚШ билігі Иран футболшыларынан сол күні кешке елден кетуді талап етті, ойнауға, қалпына келулеріне және елді тастап кетуге тек төрт сағат берді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: