Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды

Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2026 09:19 Сурет: International Judo Federation
Қазақстандық дзюдошылар Прагада (Чехия) өтіп жатқан Еуропа кубогында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Сондай-ақ дәл осы салмақта Нұраділ Әлжан қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсті.

Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Дегенмен шешуші кездесуде португалиялық Рошели Нунеске жол берді.

Айта кетейік, Еуропа кубогы 28 маусымда аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: