Қазақстандық сегіз боксшы U19 Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті

Қазақстандық боксшы U19 Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2026 22:39 Сурет: olympic.kz
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 11 шілдеде U19 жас санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде сегіз отандасымыз жартылай финалға жолдама алды.

Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті.

Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) жартылай финалдан тыс қалды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: