Боксшы Мадира Жұмақан U19 Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Боксшы Мадира Жұмақан U19 Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 17:28 Сурет: olympic.kz
Джакарта қаласында (Индонезия) бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 9 шілденің күндізгі сессиясында U19 жас санатында ширек финалдық бәсекелер өтті.

Нәтижесінде Мадира Жұмақан (48 келіге дейін) қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, 1/2 финалға өтті.

Ал Жадыра Қалтай (51 келіге дейін) және Марал Төлепберген (54 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, кешкі сессияда Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Жасмин Абрамян (60 келіге дейін), Алтынгүл Аймұхан (75 келіге дейін) шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектер Астана уақытымен 15:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: